присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

11 мамыр 2022 09:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Taunews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.

Анытқабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру