присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Си Цзиньпин: Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

25 қаңтар 2022 16:03
Си Цзиньпин: Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Бәріміз сыртқы күштер түрлі төңкеріс ұйымдастыруына, адам құқықтары деген сылтаумен ішкі істерге араласуға, халқымыздың тыныш өмірін бұзуға тырысуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өлімі мен материалдық шығынға әкелді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бағытын барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың берік басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашаққа ұмтылады деп сенемін", - деді Си Цзиньпин "Орталық Азия-ҚХР" онлайн саммитінде.

ҚХР басшысы Қытай ізгілік, шынайылық, өзара тиімділік және толеранттылық тұжырымдамасын ұстанатынын, алдағы уақытта да Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары деңгейдегі байланыстарды кеңейтетінін, стратегиялық бағытты жандандыратынын айтты.

"Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері кездесулерінің және диалогтың басқа да тетіктерін іске қосу, бірлігіміз бен өзара сенімімізді нығайту, бірлескен даму мен өркендеу мүддесінде өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету маңызды деп санаймын", - деді Си Цзиньпин.

Саммитте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Орталық Азия елдерінің қолдауы үшін алғысын білдірді.

"Қаңтардың алғашқы күндерінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған лаңкестер мен содырлардың басқыншылығына тап болды. (...) Мемлекет ретінде және ұлт ретінде осы қайғылы оқиғалардан қажет сабақ алдық және тез қалпымызға келіп жатырмыз. Қазір мемлекеттік басқару, Ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты қайта реттеу және реформалау бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Біз жаңа Қазақстанның құрылысын бастадық", - деді Тоқаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру