присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ӘЛИЯ МАСАЛИМОВА: Рәміздер негізінде жалпыұлттық идея қалыптасады

02 маусым 2023 16:44
ӘЛИЯ МАСАЛИМОВА: Рәміздер негізінде жалпыұлттық идея қалыптасады

Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ұлттық бірегейлік тұрғысынан түсінуіміз керек. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры  Әлия Масалимова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өткен дөңгелек үстелде айтты.

Мемлекеттік рәміздер елдің халықаралық қоғамдастық алдындағы өкілі ретінде ғана емес, сонымен бірге ұлттың тұтастығы мен бірлігін білдіретін азаматтар мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтады.

Академияда өткен шара барысында ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректор Әлия Масалимова Мемлекеттік рәміздер Қазақстан халқының ұлылығы мен рухани құндылықтарын бейнелейтінін атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ұлттық бірегейлік тұрғысынан түсінуіміз керек. Ту, Елтаңба, Әнұран – тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Онда бізді өзгелерден ерекшелеп тұратын, мазмұны құнды, еліміздің бірегейлігін айқындайтын мәдени код бар. Рәміздер негізінде жалпыұлттық идея, идеологиялық тұжырымдамалар құрылады, патриоттық сезім мен құндылықтар қалыптасады», – деді философия ғылымдарының докторы.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру