присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

24 қараша 2021 11:37
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының әкімі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Бұл туралы  «Ақорданың» баспасөз қызметі хабарлайды.
 
«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген «Ақорда» хабарламасында.
 
Ал Алматы облысының бұрынғы әкімі Президент Жарлығы бойынша қызметінен босатылды.
 
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды», - деп хабарлады «Ақорда»
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру