присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Экология министрінің орынбасары тағайындалды

15 қазан 2021 11:51
Экология министрінің орынбасары тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.  
 
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. 
 
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 
 
1994-1996 жж. - қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.  
 
1997-1998 жж. - Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.  
 
Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 
 
1998-1999 жж. - Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.   
 
1999-2000 жж. - Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.   
 
2000 ж. - «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.  
 
2000-2005 жж. - «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.
 
2005-2010 жж. - Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.  
 
2010-2014 жж. - Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  
 
2014-2016 жж. - Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  
 
2016-2018 жж. - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 
 
2018-2019 жж. - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.  
 
2019-2021 жж. - Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 
 
2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру