присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан мен Сингапур экономикалық байланысты нығайтпақ

20 қыркүйек 2023 12:20
Қазақстан мен Сингапур экономикалық байланысты нығайтпақ

Бүгін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық Surbana Jurong Group компаниясының бас директоры Шон Чаомен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1% өсіп, 1,9 млрд долларға жеткенін атап өтті.

Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалып отыр. 2023 жылғы бірінші тоқсанда 92,2 млн доллар инвестиция тартылған. Жалпы 20 жылдан аз уақытта Сингапурдан 1,2 млрд доллар инвестиция құйылған. Сондай-ақ Қаржы министрі бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден аса кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты.

Біз Орталық Азиядағы инвестициялық көшбасшы болып қалу үшін шетелдік инвестиция ағынын қолдауға қажет барлық шараларды қабылдаймыз, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Вице-премьер Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы негізгі серіктес ретіндегі маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Шон Чао Қазақстан мен Сингапурды түрлі саладағы көпжылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует барын атап өтті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру