присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мемлекет басшысы Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады

24 наурыз 2022 12:00
Мемлекет басшысы Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Taunews.kz.

 

«Биыл – Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру