присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев пен Путин қатысатын форум бейсенбіде онлайн форматта өтеді

30 қыркүйек 2021 10:49
Тоқаев пен Путин қатысатын форум бейсенбіде онлайн форматта өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин бейсенбіде Екі елдің аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады.
 
Он жетінші форум 28 қыркүйекте басталды, биыл ол онлайн форматта өтіп жатыр.
 
Екі елдің президенттері бейсенбіде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарын талқылайды деп жоспарланып отыр. Өзге қатысушылар арасында министрлер, облыс әкімдері, сондай -ақ Ресей Федерациясының кейбір субъектілерінің басшылары бар. Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда.
 
Форум тақырыбы
Биылғы іс-шара "Экология және "жасыл" даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта ұйымдастырылып отыр. Пікірталасқа қатысушылар – Қазақстан мен Ресей сарапшылары 28 және 29 қыркүйекте трансшекаралық Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің экологиялық проблемаларын, Каспий итбалықтары мен киіктердің популяциясын сақтау, климаттың өзгеруі, орман өрттері және басқа да мәселелерді талқылады.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру