присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды

04 қараша 2021 11:21
Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
 
Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысы Екібастұз қаласына барды.
"Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған", - делінген хабарламада.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру