присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Есеп комитетінің жаңа мүшесі тағайындалды

21 қазан 2021 12:46
Есеп комитетінің жаңа мүшесі тағайындалды
Сенаторлар республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесін бекітті.
 
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Рахымовты ұсынды. Оның кандидатурасы қаржы және бюджет комитетінің отырысында қаралды.
 
"Расул Нұрланұлы - "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі. Шетелдің жоғары оқу орындарында оқыған. Президент әкімшілігінде, сондай-ақ сауда және индустрия министрлігінде жұмыс істеді, стратегиялық жоспарлау және талдау саласында еңбек тәжірибесі бар. Сол жерде өзін қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайтын кәсіби басшы ретінде көрсете білді", - деді комитет басшысы Ольга Перепечина.
Осылайша, комитет мүшелері Конституцияның 57-бабы, 1-тармағы бойынша және сенат төрағасының ұсынысы негізінде Расул Нұрланұлы Рахымовты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесі қызметіне тағайындауға кеңес берді.
 
Сенаторлар осы ұсынысты бірауыздан қолдады.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру