присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ауыр атлеттеріміз әлем үздігі атанды

21 маусым 2022 10:40
Ауыр атлеттеріміз әлем үздігі атанды

Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода биыл Мексиканың Лион қаласында өтті, деп хабарлайды  «Хабар 24». 

Жерлестеріміз бас-аяғы 7 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі алтын. Бұған қоса, 1 күміс пен 2 қола бар. Осының арқасында жалпы есепте топ бастады. Әсіресе ұлттық құрамадағы Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша 306 келіні басынан асырып, әлем рекордын жаңартты. Бұған қоса, Едіге 17 жасқа дейінгілер арасында ең үздік спортшы атанды. 

Елордалық атлетті әуежайдан туыстары, достары және жанкүйерлері күтіп алды. Едігенің өзі жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайтынын алға тартады. Алда тағы айтулы аламандар бар. Енді соған дайындықты бастаймын дейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру