присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Боксшы Айдос Ербосынұлы комада жатыр

07 қараша 2022 11:30
Боксшы Айдос Ербосынұлы комада жатыр

TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді.

Sports.kz сайтының хабаралуынша, Айдос Ерблосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен.

TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз. Сондықтан қосымша ақпарат бере алмаймыз. Бокс жанкүйерлерін дұғада болуға шақырамыз, – делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.

Кеше Айдос Ербосынұлы мен кубалық Давид Моррель WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістірген болатын. Осы кездесуде отандасымыз нокдауннан кейін нокаутқа түсті. Содан кейін төреші Тони Уикс 12-раундта жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісті Моррельге берді.

Айта кетсек, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокста алғаш рет нокаутпен жеңіліп отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру