присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

29 қыркүйек 2022 11:10
Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізетіні белгілі болды.

ММА әлеміндегі танымал инсайдер, нидерландылық Eurosport журналисі Марсель Дорфтың мәліметінше, Исмағұлов ресейлік Арман Царукянмен кездеседі. Жекпе-жек 17 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC Fight Night аясында өтеді.

Царукян Исмағұловтың топ-10 тізімдегі алғашқы қарсыласы болады. Ресейлік файтер бүгінде рейтингте 10-орында тұр. Ол кейінгі жекпе-жегінде поляк Матеуш Гамроттан жеңіліп қалған. Исмағұловтың да, Царукянның да менеджері - қазақстандық Саят Әбдірахманов.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру