присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

07 маусым 2022 10:05
Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

Біздің команда Ұлттар лигасындағы өз тобында 1-ші орынды сақтап қалды: Трнавадағы ойынның тағдырын 26-минутта Аслан Дарабаев соққан жалғыз гол шешті. 

Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны 1:0 есебімен ұтты.

Фаворит болғанына қарамастан, Словакия ойынды өте әлсіз бастады, ал Қазақстанның есеп ашуға бірнеше мүмкіндігі болды. Көп ұзамай алаң иелері шабуылды үдетіп, допқа көбірек иелік ете бастады, алайда Игорь Шацкийдің қақпасына аса қауіп төнген жоқ.

Қонақтар қарымта шабуылға көшіп, соның бірінде Эльхан Астанов допты айып алаңының ортасында жүрген Аслан Дарабаевқа асырып, ол қақпаны дәл көздеді. Словактар ​​есесін қайтаруға асықты, бірақ мүмкіндіктерді пайдалана алмады, ал үзіліс алдында олардың лидері әрі капитаны Милан Шкриниар жарақат алып, алаңнан кетті.

Екінші таймда Штефан Таркович екі ойыншыны ауыстырды, олар алаңдағы жағдайды қатты өзгертті. Оның командасы абсолютті басымдыққа ие болды, қауіпті соққылар жасалды, ал қонақтарды Игорь Шацкий құтқарып қалды.

Ладислав Алмаси нысананы дәл көздеді, бірақ төреші гол соққан сәтте тәртіп бұзылғанын көріп, голды есепке алмады. Словакия шабуыл жасады, бірақ нәтиже бермеді.

6 ұпай иеленген Қазақстан С дивизионының 3-ші тобында Словакияны (3 ұпай) басып озды. 11 маусымға қараған түні Сербияда бейтарап алаңда Беларусьпен ойнаймыз, 13 маусымда өз алаңымызда Словакияны қабылдаймыз.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру