присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

30 желтоқсан 2020 09:28
Футзалдан Қазақстан құрамасы  әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

УЕФА рейтингі бойынша Қазақстанның Футзал құрамасы төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Taunews.kz Prosports сайтына сілтеме жасап.

Футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингінде Қазақстан 2097 ұпай еншілеп, үшінші орындағы Ресейден 1 ұпайға қалды. Алайда, Қазақстан 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне қатысып, бұл көрсеткішті жақсартуы мүмкін. Ол "D" тобында Румыния, Словения және Чехиямен ойнайды.

Кездесулер 2020 жылдың 2-5 ақпанында Чехияның Брно қаласында өтеді. Жалпы, әлемдік рейтингте Испания көш бастап тұрса (2209), екінші орында – Португалия (2116) құрамасы. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2002 жылға дейін Азия футбол конфедерациясында өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында ойнайды. Еуропа чемпионаттарына бес рет жолдама алды.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

Испания – 2209,692 ұпай.

Португалия – 2116,631.

Ресей – 2098,095.

Қазақстан – 2097,180.

Сербия – 2007,570.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру