присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарын бастады

05 наурыз 2022 11:13
Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарын бастады

Наурыздың 5-і күні таңертең Чжанцзякоу қаласында паралимпиада биатлонынан жарыс басталды, деп хабарлайды Taunews.kz.
Қазақстаннан 6 шақырымдық биатлон жарысының стартына тек қысқы ғана емес, жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушылары Сергей Усольцев пен Паралимпиада дебютанты, сондай-ақ ұлттық құраманың туын ұстаған Ербол Хамитов шықты. Екеуі де LW12 бойынша және отырып жарысады.

Бірінші болып жарыс алаңына әйелдер шықты, олардың жарысы Бейжің уақытымен таңғы 10-да басталды. Бейжің уақытымен 10:40-та әйелдер арасындағы жарыс аяқталысымен қазақстандықтардың қатысуымен ерлер жарысы басталды.

Қазақстандықтар 15-16-орындардан көрінді, дегенмен мәреге жеткен әрбір паралимпиадашы біз үшін жеңімпаз.

Сәлден кейін тік тұрып жарысатын қазақстандық атлеттер биатлоннан жарысқа түседі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру