присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

19 желтоқсан 2022 11:53
Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингтерінің жаңартылған нұсқасы белгіленді.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын испандық Карлос Алькарас сақтап қалды, екінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль, үшінші орынды норвегиялық Каспер Рууд иеленді.

Қазақстандық Александр Бублик 37-орында, ал Тимофей Скатов 142-орынды сақтап қалды, Михаил Кукушкин үш сатыға төмен түсіп, 188-орынға жайғасты. Жұптық рейтингте голландиялық теннисші Уэсли Кулхофф пен британдық Нил Скупский бұрынғысынша бірінші орында, ал америкалық Раджив Рам үшінші орында.

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов сәйкесінше 47 және 50-ші қатарда. Багель 170-орнында. 

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған нұсқасы бойынша жеке және жұптық сында польшалық Ига Свиатек бірінші, тунистік теннисші Онс Джабер екінші, америкалық Джессика Пегула үшінші орында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жағдайды өзгертпей, 21-болып қалды. Юлия Путинцева 51-орында. Жұптық сайыста чехиялық Катерина Синякова көш бастап тұрса, ресейлік Вероника Кудерметова және чехиялық тағы бір спортшы Барбора Крейчикова үшінші орында

Қазақстандық Анна Данилина 11-орында, ал Жібек Құламбаева 201-орында тұр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру