присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Карим Бензема «Алтын доп-2022» сыйлығының иегері атанды

18 қазан 2022 10:02
Карим Бензема «Алтын доп-2022» сыйлығының иегері атанды

Франция ұлттық құрама командаының шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды. Ол спорттық карьерасында бұл сыйлықты алғаш рет алды.

Былтыр Мадридтің «Реал» клубының капитаны Ла Лигада (Испания чемпионаты, –  ред.) өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен бірге ол Чемпиондар лигасында алаңға 12ррет шығып, қарсыластар қақпасына 15 доп соқты.

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде «Алтын допты» Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан-Пьер Папен (1991) мен Зинеддин Зидан (1998) алған.

Төменде «Алтын допқа» үміткер ойыншылар тізімі:

1. Карим Бензема («Реал» Мадрид)

2. Садио Мане («Бавария»)

3. Кевин Де Брёйне («Манчестер Сити»)

4. Роберт Левандовски («Бавария»)

5. Мұхаммед Салах («Ливерпуль»)

6. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен»)

7. Тибо Куртуа («Реал» Мадрид)

8. Винисиус Жуниор («Реал» Мадрид)

9 .Лука Модрич («Реал» Мадрид)

10. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

11. Сон Хын Мин («Тоттенхэм»)

12. Рияд Марез («Манчестер Сити»)

13. Себастьян Аллер («Боруссия» Дортмунд)

14. Рафаэл Леау («Милан»), Фабиньо («Ливерпуль»)

16. Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)

17. Каземиро («Манчестер Юнайтед»), Душан Влахович («Фиорентина») және Луси Диас («Ливерпуль»)

20. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»)

21. Гарри Кейн («Тоттенхэм»)

22. Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Фил Фоден және Бернарду Силва (екеуі де — «Манчестер Сити»).

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру