присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Месси Чемпиондар лигасының тағы бір рекордын жаңартты

06 қазан 2022 12:35
Месси Чемпиондар лигасының тағы бір рекордын жаңартты

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы, аргентиналық Лионель Месси Чемпиондар лигасы турнирінің үшінші турында Португалияның «Бенфика» командасына гол салып, рекорд жаңартты. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды.

Месси Чемпиондар лигасында 40 командаға гол салған алғашқы футболшы атанды. Оның ізін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду басып келеді. Ол 38 команданың қақпасын дәл көздеді.

Сонымен бірге ол Чемпиондар лигасында 18 маусым бойы гол салып, Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бенземаның рекордын жаңартты. Франция футболшысы 17 маусым бойы гол салған. Ал «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду (Португалия) Чемпиондар лигасында 16 маусым қатарынан қақпаны дәл көздеген.

Лионель Месси - әлемнің жеті дүркін үздік ойыншысына берілетін «Алтын доптың» иегері, алты дүркін «Алтын бутсы» жүлдесінің иесі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру