присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады

28 қыркүйек 2021 09:56
Президент Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады.
 
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
 
«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,- делінген жазбада.
 
Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
 
Ал әлем чемпионатының финалы 3 қазанда өтеді.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру