присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

12 қаңтар 2023 09:53
Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Ол жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары украиналық Людмила Киченкомен және латвиялық Елена Остапенкомен кездесіп, қарсыластарын 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Енді Рыбакина Павлюченкомен бірге чехиялық Мириам Колодзьежова мен Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының жеңімпаздарымен бас жүлдені сарапқа салады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру