присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Владислав Яковлев Токио Олимпиадасын аяқтады

30 шілде 2021 12:11
Владислав Яковлев Токио Олимпиадасын аяқтады
 Токиода академиялық есуден ерлер арасында D финалы мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Владислав Яковлев сынға түсті. Мәре сызығында ол Зимбабве спортшысы Петер Пурцелл-Гилпиннен 0,48 секундқа озып кетті. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 7 минут 37 секундта тиісті қашықтықты бағындырып, өз тобында бірінші болды. 
 
Нәтижесінде, Владислав Яковлев жалпы жарыс қорытындысы бойынша 19 орынға жайғасты.
 
Айта кетейік, бүгін олимпиаданың кезекті жарыс күнінде жеңіл атлетика мен үш қарғып секіру спорт түрі бойынша еліміздің намысын Ольга Сафронова, Ольга Рыпакова, Ирина Эктова және Мария Овчинникова қорғайды.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру