присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

28 қыркүйек 2021 09:59
Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда өткізеді. Ол анголалық Манел Капемен кездеседі, - деп хабарлайды  Vesti.kz басылымы.
 
Қазақстандық спортшы алдағы жекпе-жегі туралы Instagram-парақшасында жариялады. Бұл Жұмағұловтың UFC-мен жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі.
 
Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Жапондық Rizin Fighting Federation федерациясының экс-чемпионы, анголалық боксшы Манел Капе қазақстандыққа қарсылас болады.
 
Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылғындыру әдісімен жеңді. UFC-мен жаңа келісім бойынша төрт жекпе-жек өтуі керек.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру