присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

АҚШ-та әлемдегі тұңғыш шабуылдау винтовкасы бар робот ит таныстырылды

19 қазан 2021 10:04
АҚШ-та әлемдегі тұңғыш шабуылдау винтовкасы бар робот ит таныстырылды
Atameken business арнасының хабарлауынша, Vision 60 робот иті жоғары жылдамдықпен  құлап кетпестен мұзда да ұзақ қашықтықты жүріп өте алады.
 
S. W. O. R. D.  Defence Systems компаниясы бұл робот итке құлтемірлердің әскери мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін арнайы Purpose Unmanned Rifle жүйесін орнатқан. Онда жылу түсіргіш және 30 есе үлкейтетін камера бар. Яғни, құрылғыны басқаратын адам тіпті түнде де іздегенін оңай тани алады.
 
Vision 60 робот  иті оператордың өміріне қауіп төндірмей, жәбірленушіге жақын қашықтыққа жақындауға көмектеседі. Мұндай жаңа құрылғыға АҚШ пен Австралия әскерлері қызығушылық танытып отыр.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру