присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ауғанстанда АҚШ әскерінен қалған қару-жарақ 85 миллиард долларға бағаланды

01 қазан 2021 10:34
Ауғанстанда АҚШ әскерінен қалған қару-жарақ 85 миллиард долларға бағаланды
Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық федерал қызметінің (FSWTS) директоры Дмитрий Шугаев америкалықтардың Ауғанстанда қалдырған қарулары 85 миллиард долларға бағалануы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды  "Звезда" телеарнасы.
 
Дмитрий Шугаев америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс ұшуы АҚШ-қа көп шығын келтірді деп бағалайды.
 
"Шынына келсек, 85 миллиард доллар деген өте көп қаржы. 22 мың бронетехника, 358 мың автомат, 176 артиллериялық қондырғы, 8 мың жүк көлігі, көлік ұшақтары, жүзден астам қаруланған тікұшақ. Бұл сандарды естудің өзі қорқынышты. Америкалық әскер уақыт сынағына төтеп бере алмады", - деді Шугаев.
 
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру