присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бразилия президенті COVID-19-ға қарсы екпе алмағаны үшін футбол матчына кіре алмады

11 қазан 2021 10:39
Бразилия президенті COVID-19-ға қарсы екпе алмағаны үшін футбол матчына кіре алмады
Бразилия президенті Джейр Болсонар коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы куәлігі болмағаны үшін футбол матчына жіберілген жоқ. Бұл туралы ел президенті журналистерге айтып берді, деп хабарлайды «РИА Новости».
 
Болсонардың айтуынша, ол «Сантос» ойынын көргісі келген, бірақ одан вакцинация алғанын дәлелдейтін құжат талап еткен.
 
«Егу картасы, төлқұжат неліктен қажет? Мендегі антидене мөлшері вакцина алғандардан көбірек», - дейді ол.
 
Бразилия президенті 2020 жылдың шілдесінде COVID-19 инфекциясымен ауырған. Бүгінге дейін ол екпе алмаған. Сол сияқты ол Нью-Йорктегі мейрамханалардың біріне екпе алмағаны үшін кіре алмаған.
 
Айта кетейік, бірер апта бұрын Бразилияда мыңдаған адамның қатысуымен ел президентіне қарсы шеру өткен. Шеруге қатысушылар президенттің пандемиямен күрестегі сылбырлығына шағымын білдірген.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру