присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҰҰ: Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

28 қазан 2021 11:47
БҰҰ: Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті
БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды ұйымның сайты.
 
Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.
 
"Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш", - деді ол.
 
Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру