присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандық азамат Түркияда жоғалып кетті

01 қараша 2021 13:45
Қазақстандық азамат Түркияда жоғалып кетті
Қазақстандық азамат Түркияның Ыстанбұл қаласында жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚР Бас консулдығы.
 
Билетке сәйкес, ер адам 25 қазанда Қазақстанға оралуы керек еді, бірақ келген жоқ.
 
«Ата-анасымен байланысқа шыққанмен, өзінің тұрған жерін толық түсіндіре алмады, ал оның дауысында үрей бары байқалды. Соңғы рет ол 28 қазанда жақындарымен байланысқа шықты», - делінген хабарламада.
 
Осыдан кейін оның таныстары Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының өкілдеріне көмек сұрап жүгінді, жоғалған азаматтың туыстарымен байланыс орнатылды.
 
«Анасының іздеу туралы өтінішіне байланысты Түркияның СІМ-іне шұғыл түрде тиісті нота жіберілді. Сондай-ақ, Түркияның құқық қорғау органдарына азаматты іздеу туралы сұрау жіберілді. Белсенді азаматтардың бастамасы бойынша әлеуметтік желілерде жоғалған азаматты іздеу акциясы басталды», - деп толықтырды ведомстводан.
 
Нәтижесінде, 30 қазанда азамат Қожаелі провинциясының полиция бөлімшелерінің бірінде екені белгілі болды. Сол күні оны Қазақстаннан келген анасы учаскеден алып кетті. Қазір Қазақстанға қайту қамына кірісті.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру