присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Кабулдағы қазақ елшісі Ауғанстан уақытша үкіметінің ресми өкілімен кездесті

27 қыркүйек 2021 18:16
Кабулдағы қазақ елшісі Ауғанстан уақытша үкіметінің ресми өкілімен кездесті
Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 
 
Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.
 
Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны атап өтілді.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру