присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Украинада әскери қимылдан 117 аурухана қираған

17 наурыз 2022 10:15
Украинада әскери қимылдан 117 аурухана қираған

Украинада соғыс басталғалы 117 аурухана қираған. Оның жетеуі жөндеуге келмейді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Ведомство деректеріне сәйкес, 40-тан аса жедел жәрдем көлігі қираған. Қазір көп елдер Украинаға көмектесіп жатыр. Мәселен, Израиль елдің батысында құны 6,5 миллион доллар болатын дала госпиталін жасақтамақ. 8 жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан. Дания билігі де осындай шешім қабылдады.

Жалпы қазір Украинаның денсаулық сақтау мекемелеріне шетелден келген 100-ден аса медицина маманы жұмыс істеп жүр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру