присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Украинадағы қақтығыстан 1119 бейбіт тұрғын қаза тапты - БҰҰ

28 наурыз 2022 09:53
Украинадағы қақтығыстан 1119 бейбіт тұрғын қаза тапты - БҰҰ

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 1 119 бейбіт тұрғын жан тапсырды, деп хабарлайды Taunews.kz. 

Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынған мәліметі. Оған сәйкес құрбандардың арасында 99-ы бала екен. Тағы 1 800-ге жуық адам жарақат алған. Десе де, Ұйымның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтағы адам шығыны ресми статистикадан да көп болуы мүмкін деп топшылайды. Мәселен, атыс-шабыс үдеп тұрған аймақтармен хабар алмасу қиынға соғып тұр. Қазір, әсіресе, Мариуполь, Волноваха, Изюм мен тағы бірнеше өңірде жағдай қиындап барады.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру