присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өзбекстан президентінің өкілдігі жеті жылға дейін ұзартылады

16 наурыз 2023 15:51
Өзбекстан президентінің өкілдігі жеті жылға дейін ұзартылады

Өзбекстан Парламентінде ел Конституциясына өзгерістулер мен толықтырулар қаралып жатыр. Соның бірі Шавкат Мирзияевтің президенттікке үшінші рет сайлануына рұқсат береді.

«Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасында Өзбекстан президентінің өкілдігін бес жылдан жеті жылға дейін созу туралы мәселе қамтылған. Құжат жобасы Парламенттің «Халқ сўзи» газетінде жарияланды.

Қазір елдің Конституциясына сәйкес, президент бес жыл сайланады. Оған тиісті түзетулер 2011 жылы желтоқсанда жасалған.

Ал Конституцияның жаңа нұсқасы елдің іс басындағы президенті Шавкат Мирзияевке қатарынан үш рет сайлануға мүмкіндік бергелі тұр. Бұрын президент орынтағына сайлану екі мерзіммен шектелетін.

Өзбекстан Парламентінің екі палатасы қабылдаған конституциялық заңның жобасы 15 наурыз күні халыққа жария етілді. Негізгі заңның жаңа редакциясына тағы 27 бап енгізілді. Сөйтіп, олардың жалпы саны 128-ден 155-ке жеткізілді. Мұның өзі Конституцияның 65 пайызы өзгергенін көрсетеді.

Өзбекстан Парламенті төменгі палатасының депутаттары 30 сәуірде Конституцияға енгізілген осы өзгертулер мен түзетулер бойынша референдум өткізуді белгіледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру