2025 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 12 млн астам рет жүріп өтті.
Ұйым мәліметінше, жоғары сұранысқа ие жолдардың көшін Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,98 млн рет) бастайды.
Екінші орында Алматы – Қонаев (1,88 млн рет) күре жолы тұрса, алғашқы үштікке Шымкент – Тараз (1,2 млн рет) жолы енген.
Одан кейінгі тізім мынадай:
Тараз – Қайнар (1,02 млн)
Шымкент – Қызылорда (970 мың)
Алматы – Қорғас (929 мың)
Астана – Теміртау (768 мың)
Қонаев – Талдықорған (712 мың)
Щучинск – Көкшетау (613 мың)
Астана – Щучинск (609 мың)
Астана – Павлодар (481 мың)
Көкшетау – Петропавл (361 мың)
Қызылорда – Арал (260 мың)
Павлодар – Семей – Қалбатау (225 мың)
Орал – РФ шекарасы (Самара) (183 мың)
Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (170 мың)
Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (124 мың)
Орал – РФ шекарасы (Саратов) (108 мың)
Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (90 мың)
Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (28 мың).