17 Мамыр 2025, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 509.51 ₸
    EUR EUR 570.6 ₸
    RUB RUB 6.3 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    16 Мамыр, 2025
    1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    Фото: ortcom.kz

    Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды жоба. Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандық қызығушылық танытты.

    Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, 167 – орталық мемлекеттік органдарда, 37 – жергілікті атқарушы органдарда, 62 – ұлттық компанияларда, 52 – өзге ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ 39 резервші саяси лауазымдарда, 3 – «А» корпусының лауазымдарында, 2 – Мәжіліс депутаты, 1 – мәслихат депутаты болып қызмет етуде.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады. Бұл әдіс салалар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, нақты бағыттар бойынша үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз етеді.

    Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

    Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

    Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуге тиіс.

    Құжаттарды қабылдау – 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.

    Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау – тестілеу прокторинг жүйесімен, аудио және бейнефиксациямен өтеді, әділдік пен ашықтық қамтамасыз етіледі. Талаптарға сәйкес келетін барлық кандидаттар мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте сандық тестілеуге әр салалық бағыт бойынша ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы жіберіледі.

    Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңі – кандидаттардың таңдаған салалық бағыттарына байланысты нақты проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарын бағалауға бағытталған. Бұл кезең онлайн-режимде эссе жазу форматында өтеді.

    Ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат – офлайн форматта, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында өтетін бұл кезеңде үміткерлер мінез-құлық индикаторлары және кәсіби құзыреттер бойынша топтық және жеке тапсырмалардан өтеді. Онлайн форматтағы жеке сұхбат кәсіби HR-менеджерлермен өткізіледі.

    Сарапшылық комиссиямен әңгімелесу – арнайы комиссиямен сұхбаттасу түрінде жүзеге асырылады. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысына 100-ден аспайтын кандидаттар тізімі ұсынылады.

    Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

    Іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша ақпарат ресми сайтта жарияланады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстандық ғалым шық пен қырау нүктесінің температурасын жаңғыртуға арналған бірегей аспап әзірледі

    Ұқсас мақалалар

    Қазақстандық ғалым шық пен қырау нүктесінің температурасын жаңғыртуға арналған бірегей аспап әзірледі
    Жаңалықтар

    Қазақстандық ғалым шық пен қырау нүктесінің температурасын жаңғыртуға арналған бірегей аспап әзірледі

    16 Мамыр, 2025
    Бас прокуратура қауіпті қылмыскерді Армениядан экстрадициялады
    Жаңалықтар

    Бас прокуратура қауіпті қылмыскерді Армениядан экстрадициялады

    16 Мамыр, 2025
    Грузия қазақстандықтарға білім гранттарын бөлді
    Жаңалықтар

    Грузия қазақстандықтарға білім гранттарын бөлді

    16 Мамыр, 2025
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді

    15 Мамыр, 2025
    ІІМ қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады
    Жаңалықтар

    ІІМ қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады

    15 Мамыр, 2025
    Бір аптадан кейін Қазақстанда смартфондар бұғаттала бастайды
    Жаңалықтар

    Бір аптадан кейін Қазақстанда смартфондар бұғаттала бастайды

    14 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    Қазақстандық ғалым шық пен қырау нүктесінің температурасын жаңғыртуға арналған бірегей аспап әзірледі

    Бас прокуратура қауіпті қылмыскерді Армениядан экстрадициялады

    Грузия қазақстандықтарға білім гранттарын бөлді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді

    ІІМ қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 509.51 ₸
    EUR EUR 570.6 ₸
    RUB RUB 6.3 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews