9 Мамыр 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығының ашылу салтанатын өткізді

    4 Ақпан, 2025
    Алматыда EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығының ашылу салтанатын өткізді

     

    Бүгін Алматыда EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен Кәсіби даму орталығының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гонконг білім университетімен бірлесіп құрылған Білім академиясы аясында іске асырылуда. Орталықтың ашылуы ғылыми алмасуды тереңдету және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін негіз болмақ. Жоба аясында STEAM-білім беруді, көшбасшылықты және бағалауды дамытуға ерекше назар аударылады.

    Кәсіби даму орталығының ашылу салтанатында қызыл лентаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай және Гонконг білім беру университетінің Президенті, профессор Ли Чи Кин Джон қиды.

    «Біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз және оны үлкен мәртебе санаймыз. Біздің көзқарасымыз ортақ – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, Қазақстандағы білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ Гонконг ААР (Қытай) мен Қазақстан арасындағы іскерлік алмасуды дамыту. Гонконг университетінің көп жылдық тарихы бар және білім беру саласында рейтингі жоғары. Көшбасшылық, STEM білім беру және бағалау салаларында тәжірибеміз мол және осы бағыттарда білімімізбен бөлісуге, оқыту мүмкіндіктерін ұсынуға, сондай-ақ университеттермен бірлескен зерттеулер жүргізуге дайынбыз. Біз бұл маңызды Академияның болашақ ынтымақтастық үшін платформа ретінде қызмет ететініне сенімдіміз», – деді Гонконг білім беру университетінің президенті, профессор Ли Чи Кин Джон.

    QyzPU ректоры Гүлмира Қанайдың айтуынша, EdUHK – Қазақстан білім академиясы аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үш бағыт бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.

    «Елімізде үлкен маңызды жобалардың бірі іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы университет және Гонконг білім университеті бірлесіп үлкен Академия құруда. Осы Академия аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған бес оқу бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Үш университет әзірлейтін бұл бағдарламалар халықаралық деңгейде сертификатталып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі. Abai University жасанды интеллект және инклюзивті білім беру бойынша негізгі бағдарламаларды әзірлейді. QyzPU көшбасшылық, STEAM-білім беру және бағалау мәселелеріне жауапты болады. Қазіргі уақытта елімізде 800-ден астам «Комфортты мектептер» салынуда. Осы мектептерге мамандар даярлау мен көшбасшылық бойынша курстар өткізу өте маңызды. Көшбасшылық бағыты бойынша қазіргі және болашақ мектеп басшыларының дағдылары мен білімін дамытуға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар STEM-білім беруді дамыту, әсіресе қыз балаларды осы бағыттар бойынша оқыту – әлемдік тұрақты даму мен гендерлік теңдік мақсаттарының бірі. Осыған байланысты біз мұғалімдерге арналған STEM бағытындағы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды және университетіміздің студенттері мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларын жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Үшінші бағыт – білімді бағалау жүйесін жетілдіру, бағалау түрлерін сыныптық, ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту. Үш университет арасындағы бұл ауқымды бастама болашақта оң өзгерістерге алып келетініне сенімдіміз. Біз бұл бағдарламаларды мектеп мұғалімдеріне осы жылдың күзіне қарай ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деді QyzPU ректоры Гүлмира Қанай.

    Іс-шараға Қазақстан мен Гонконг университеттерінің өкілдері, оқытушылары және студенттері қатысты. Кәсіби даму орталығының ашылуында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Жұмакұлов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол министр Саясат Нұрбек бір жыл бұрын айтқан бастама жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

    «Педагогикалық университеттер ретінде біздің миссиямыз – мектеп білімін жақсарту. Мектеп жүйесін алдыңғы қатарлы біліммен қамтамасыз ету үшін бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу және үнемі жаңа білімнің шыңында болу керек. Осы себепті ғалымдар таңдалған бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізетін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ұлттық деңгейде әсер ететін болады, өйткені бірлескен академия Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарының альянсын да қамтиды, оған педагогика бойынша білім беру бағдарламалары бар 6 жоғары оқу орны кіреді», – деді ол.

    EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығының салтанатты ашылу білім беру жүйесін трансформациялауда, әлемдік озық тәжірибелерді енгізуде және халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып табылады. Академиялық алмасу мен инновацияларды енгізуге бағытталған бұл бағдарлама жастарды қазіргі заманның талаптарына сай мамандар ретінде даярлауға үлес қосады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қаңтар оқиғасы: қару жасырылған 722 орын табылды

    Келесі жазба

    Ақылы жолдардан түсетін кірістер 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін — Көлік министрлігі

    Ұқсас мақалалар

    БҚО-да прокурор өлі табылды
    Жаңалықтар

    БҚО-да прокурор өлі табылды

    8 Мамыр, 2025
    Токаев прибыл в Москву на парад Победы
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

    8 Мамыр, 2025
    Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті

    8 Мамыр, 2025
    Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
    Жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

    8 Мамыр, 2025
    Астанада ірі сауда үйі өртеніп жатыр
    Жаңалықтар

    Астанада ірі сауда үйі өртеніп жатыр

    8 Мамыр, 2025
    Спортсмен из Мангистау стал чемпионом Азии по армрестлингу
    Жаңалықтар

    Спортсмен из Мангистау стал чемпионом Азии по армрестлингу

    8 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да прокурор өлі табылды

    Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

    Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

    Астанада ірі сауда үйі өртеніп жатыр

    Спортсмен из Мангистау стал чемпионом Азии по армрестлингу

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews