Жастардың шетелде теологиялық білім алып, білікті маман болам деген ұмтылыстары құптарлық. Бірақ, діни білімнің негізін елде қалаған абзал. Себебі, адамды террорлық әрекетке тарту арналарының бірі бейресми марказдар екені әлдеқашан дәлелденген. Таяу Шығыс пен Ауғанстан аумағында діни ахуал ушыққалы қауіп – қатер тіпті еселенді.