Енді Шу-Бурылбайтал жолы ақылы болады.
Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 13 мамырынан бастап Шудан Бурылбайталға дейін созылып жатқан 175.8 шақырымдық жолдың бір бағытына мынадай тариф қолданылады:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 1 031.75 теңге, кейінгі төлем — 1 213.41 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2 082.78 теңге, кейінгі төлем — 2 446.09 теңге;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 3 114.53 теңге, кейінгі төлем — 3 659.12 теңге;
жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 4 156.12 теңге, кейінгі төлем — 4 891.8 теңге;
жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем – 5 187.88 теңге, кейінгі төлем — 6 105.21 теңге.
Көлік иелері автомобиль түріне байланысты 1-60 АЕК көлеміндегі сомаға айлық не жылдық абонемент ала алады.
Ведомство мәліметінше, аталған жол учаскесі бойынша төлем жүйесі 20 жыл бойы қолданылатын болады.