Абай облысының Аягөз ауданында бүгін таңғы уақытта құтқарушылар Қаракөл өзенінен 1980 және 1978 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты.
Бұл ақпаратты өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) растады.
Үшінші азаматты іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай 15 сәуір күні Ақшаулы ауылында орын алған.
Аягөз қаласындағы 101 қызметіне сағат 15:50-де хабарлама келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, шаруашылықта жұмыс істейтін үш ер адам аспалы көпір арқылы өзеннен өтпек болып, суға құлап кеткен, – деп мәлімдеді құтқарушылар.