Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде: «Адам баласының бәрі – қателесуші. Ал қателесушілердің жақсысы – тәубеге келгені» дейді. Яғни қателікке ұрынбайтын адам жоқ. Біз бәріміз өмір жолында түрлі қателікке бой алдырамыз. Алайда жаза басқанымызды ұғынып, шынайы тәубе етіп, артынша ізгі бағытқа бұрылып жатсақ, бұдан артық бақыт жоқ.