Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады. Өкінішке қарай, деструктивті идеология вирусын қоғам жұқтырды. Қазір интернетте Орталық Азиядан шыққан 10-ға жуық псевдоуағызшы белсенді. Көбі этникалық өзбек, тәжік ұлтының өкілдері. Дінді бұрмалап, мүдделеріне қарай саясиландырған. Тіпті, кәмелет жасына толмағандарға тұзақ құра бастады. Қайырымдылықты бүркемеленген экстремистер бейресми марказдар арқылы арбайды. Медресе атын жамылып, мұсылмандардан жылу жинайды. Жеткіншектерді заңсызорталықтарда оқытқан болып, ата-аналарын Таяу Шығыстағы отқа тастайды. Арандатушыларға арбалып қалмау үшін дінге қатысты ақпаратты сенімді ресурстардан алған абзал.