9 Мамыр 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда адам ағзасын сатумен айналысқан ер адам сотталды

    28 Ақпан, 2025
    Алматыда адам ағзасын сатумен айналысқан ер адам сотталды

    Фото: pixabay.com

    Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты адам ағзаларын заңсыз сатып алу және сату ісімен айналысқан азаматқа үкім шығарды.

    2023 жылдың күзінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері елдің бірнеше өңірінде арнайы жедел тергеу жүргізді. Нәтижесінде, қара нарықта адам ағзаларын сатумен айналысқан топ ұсталды. Олардың арасында донор іздеушілер ғана емес, медицина қызметкерлері мен нотариустар да болған. Алайда ұсталған күдіктілердің ішінде тек екі адам ғана сотқа тартылып, олар шартты жазаға кесілді.

    Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан Ислам Ұзақбай 2021 жылы Түркияда бүйрек трансплантациясын жасатқан. Алматыдағы медициналық орталықта ем қабылдап жүрген кезде, ол науқастарға донор тауып беру арқылы ақша табуға болатындығын ойлаған. Бұл істі жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтынын түсінген соң, тергеуде анықталмаған «Айман» есімді адаммен байланысқа шыққан.

    Ұзақбай гемодиализ кезінде бүйрек трансплантациясына мұқтаж науқаспен танысып, оған донор табуға көмектесетінін айтып, 10 миллион теңге талап еткен. Бастапқыда жігіт бұл ұсынысты қабылдамағанымен, Ұзақбай оған жиі хабарласып, сеніміне кірген. Науқастың жағдайы нашарлаған соң, оның туыстары трансплантация жасауға келісім береді. Ұзақбай операцияны ресми түрде квота арқылы жасауға уәде беріп, 10 миллион теңге сұратқан.

    Осы уақытта «Айман» есімді әйел интернет арқылы Астанада бүйрегін 8 миллион теңгеге сатуға келіскен адамды тапқан. Ол донорға Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында операция жасатуға уәде берген. Тексеруден кейін операция сәтті өткен, алайда Ұзақбай науқастан донорға тағы 10 миллион теңге төлеуді талап еткен. Осылайша, алғашқы клиент жалпы 20 миллион теңге төлеген.

    Бұл істің тиімді екенін түсінген Ұзақбай тағы бір науқас пен донор тауып, Ұлттық ғылыми хирургия орталығында операция жасатуды жоспарлап жатқанда ұсталған. Сот шешімі бойынша, ол 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бүйрегін сатпақ болған донор да кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты жазаға кесілді.

    Таңбалар: ағзаадам
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда «декретке миллионмен» шыққысы келген 113 әйел сотталып кетуі мүмкін

    Келесі жазба

    Алты қазақстандық үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады

    Ұқсас мақалалар

    Мақала жоқ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да прокурор өлі табылды

    Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

    Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

    Астанада ірі сауда үйі өртеніп жатыр

    Спортсмен из Мангистау стал чемпионом Азии по армрестлингу

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews