Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Ақмола облысында ауыр жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды. Қайғылы жағдай 12 тамызда Көкшетау–Атбасар автожолының 16-шақырымында тіркелген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Қатты соққыдан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал Mini Cooper көлігінде болған үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиғадан кейін полиция Mini Cooper жүргізушісін ұстады. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және жолдағы жағдайға барынша мұқият болуға шақырды.
USD