4 Ақпан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ақтау түбіндегі ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын – Бозымбаев

    3 Желтоқсан, 2025
    Ақтау түбіндегі ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын – Бозымбаев

    Фото: gov.kz

    Бір жыл бұрын Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Көлік министрлігі тарапынан басталған тергеудің қорытындысы осы жылдың соңына дейін немесе келер жылдың басында шығады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

    Оның айтуынша, ұшақ апатынан кейін екі ведомство – Бас прокуратура және Көлік министрлігі тергеу бастаған.

    «Криминалдық бөлігі бойынша тергеуді Бас прокуратура жүргізіп жатыр. Олар ресейлік әріптестерімен байланыста. Ал екінші тергеуді Көлік министрлігі бастаған. Бұл тергеу аяқталу кезеңінде. Қазір біз лицензиарлардың немесе технология иелерінің, аэронавигациялық құралдардың түпкілікті қорытындысын күтіп отырмыз», – деді Бозымбаев Мәжіліс кулуарында.

    Ол Көлік министрлігі жүргізіп жатқан тергеу осы жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында аяқталатынын атап өтті.

    «Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу бойынша да ілгерілеу бар. Көрші мемлекеттер басшыларының мәлімдемелерін көрдіңіздер ғой. Сондықтан келесі жылы ол тергеу де аяқталады деп үміттенеміз», – деді вице-премьер.

    Естеріңізге салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку – Грозный бағытындағы Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде құлады. Ресми мәлімет бойынша, бортта Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан елдерінен барлығы 67 адам, оның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Апаттан 29 адам аман қалды. Өкінішке қарай, Қазақстанның алты азаматы да қаза тапты.

    Қазақстанда Embraer 190 ұшағының Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырау себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ұлдана Мырзуанның есімі берілген арнайы аудитория ашылады

    Келесі жазба

    Бұрқасын, көктайғақ, қар аралас жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews