Ақтөбеде 29 жастағы информатика пәнінің мұғалімі Г.-ға қатысты сот процесі басталды. Әйел адам өз балаларын өлтірді деп айыпталуда. Бұған дейін ол екі рет олардың өміріне қастандық жасамақ болған.
Қайғылы оқиға 23 наурыз күні Қандыағаш қаласында болған. Сол күні әйел 3 жасар және 11 айлық балаларын ертіп, әкесінің үйіне барған. Қайғылы оқиға болған күні ол екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген.
Полиция мәліметінше, қылмыс жасалған кезде әйел адам босанғаннан кейінгі күйзеліс жағдайында болған. Белгілі болғандай, әйел наурыз айында балаларын өлтіруге екі рет талпынған.