10 Қыркүйек 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астана ауруханаларында қатерлі ісік пен инсультті ерте анықтауға ЖИ көмектеседі

    20 Тамыз, 2026
    Астана ауруханаларында қатерлі ісік пен инсультті ерте анықтауға ЖИ көмектеседі

    Фото: ЖИ арқылы жасалды

    Астанада қатерлі ісік пен инсультті анықтауға жасанды интеллект көмектеседі

    Елордадағы медициналық ұйымдарда қатерлі ісік пен инсультті диагностикалау ісіне жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Жаңа жүйелер ауруларды ерте анықтап, дәрігерлердің шешім қабылдауын жеделдетуге бағытталған.

    Астана әкімдігінің мәліметінше, онкологиялық ауруларды диагностикалауда WDSOFT жасанды интеллект жүйесі қолданылуда. Жоба радиологиялық зерттеулерді орталықтандыруға арналған және онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылған. Қазіргі таңда жүйеге елордаға қарасты 19 медициналық ұйым қосылған.

    WDSOFT медициналық кескіндерді талдап, патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қатерлі ісікті ерте кезеңде байқауға және диагноз қою уақытын шамамен 10 минутқа дейін қысқартуға жағдай жасайды. Сонымен бірге технология рентгенолог дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азайтып, зерттеу нәтижелерін өңдеу тиімділігін арттыруға көмектеседі.

    2025 жылғы 1 тамыздан бастап елорданың бірыңғай орталықтандырылған радиологиялық жүйесінде 360 мыңнан астам зерттеу жинақталған. Олардың қатарында 282 603 рентген және флюорографиялық, 44 215 компьютерлік томография, 3 878 магниттік-резонанстық томография, 28 618 маммографиялық және 949 ангиографиялық зерттеу бар.

    Жасанды интеллект инсульт диагностикасында да қолданылмақ. Бұл бағытта Cerebra.ai Ltd. әзірлеген Cerebra бағдарламасы енгізіледі. Жүйе инсультті автоматты түрде талдап, оның түрі мен қосалқы түрін анықтауға көмектеседі. Мұндай технология әсіресе шұғыл жағдайда маңызды, өйткені инсульт кезінде медициналық көмек көрсетуге кеткен әр минут науқастың жағдайына әсер етуі мүмкін.

    Cerebra бағдарламасы Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханада пилоттық режимде сынақтан өткен. Нәтижесінде оны елордадағы үш инсульт орталығына кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Олар – №2 қалалық көпбейінді аурухана, №1 көпбейінді қалалық аурухана және Көпбейінді медициналық орталық.

    Осылайша, елорда медицинасына енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ауруларды анықтау уақытын қысқартып қана қоймай, дәрігерлерге күрделі клиникалық жағдайларда жедел әрі негізделген шешім қабылдауға қосымша мүмкіндік бермек.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әділдіктің бастауы мейірім

    Келесі жазба

    Астанада жыл басынан бері 300-ге жуық адам отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸

    © 2025 TauNews