Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды.
Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.
Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені – 32 метр.
Әрбір үзінді – әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл – жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға, – дейді ұйымдастырушылар.
Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.