20 Маусым 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 519.55 ₸
    EUR EUR 596.03 ₸
    RUB RUB 6.63 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    20 Маусым, 2025
    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер ретінде 310 млрд теңге төленген.

    Жыл басынан бері республикалық бюджеттен мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 272,7 млрд теңге бағытталды. Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты 37,3 млрд теңге шамасында әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған.

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 542,5 мың адам, ал асыраушысынан айырылу бойынша – шамамен 198,1 мың адам.

    Мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына, себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Асыраушысынан айырылу жағдайында тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) адамның асырауында болған адамдар санына, өлім себебіне және күнкөріс минимумының мөлшеріне тәуелді.

    Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр адамға жеке есептеледі және келесі факторларға байланысты:

    – соңғы 2 жылдағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс;
    – еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттері;
    – асырауында болған адамдар саны;
    – әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру деңгейі.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайларындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 6,5%-ға артты.

    Мәселен, жалпы ауру салдарынан тағайындалатын мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері:

    – 1 топ үшін – 101 702 теңге;
    – 2 топ үшін – 81 362 теңге;
    – 3 топ үшін – 55 474 теңге.

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша:

    – еңбекке қабілеттіліктен айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 70 245 теңге;
    – асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 72 524 теңге.

    Бұған дейін 2025 жылы жұмысынан айырылған қазақстандықтарға 51 млрд теңгеден астам төлем жасалғаны хабарланған болатын.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

    Ұқсас мақалалар

    Жаңалықтар

    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

    20 Маусым, 2025
    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды
    Жаңалықтар

    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды

    20 Маусым, 2025
    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты
    Жаңалықтар

    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты

    20 Маусым, 2025
    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты
    Жаңалықтар

    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты

    20 Маусым, 2025
    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
    Жаңалықтар

    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    20 Маусым, 2025
    Оқушыларға үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін
    Жаңалықтар

    Оқушыларға үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін

    19 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды

    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты

    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты

    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 519.55 ₸
    EUR EUR 596.03 ₸
    RUB RUB 6.63 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews