10 Қыркүйек 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Атырауда мұғалімді мектеп жууға мәжбүрлеген: білім басқармасы тексеріс бастады

    19 Тамыз, 2026
    Атырауда мұғалімді мектеп жууға мәжбүрлеген: білім басқармасы тексеріс бастады

    Фото: https://www.threads.com/@sandjiina/post/DcJ5qp-DGNO/media

    Атырау облысындағы мемлекеттік мектептердің бірінде педагогты оқу орнының жөндеу және тазалық жұмыстарына тартуға қатысты дау туындады. Оқиға әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін көпшілік назарын аударып, білім басқармасының тексеріс бастауына себеп болды.

    Мұғалімнің айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық кезінде оған өзіне тиесілі емес жұмыстарды орындауға тура келген. Педагог бірнеше күн бойы кабинетті тазалап, еден жуып, шаң сүртіп, қабырғаларды әктеген. Жұмысқа қажетті кейбір тазалық құралдарын да өз қаражатына сатып алғанын айтқан.

    Ұстаз бұл талаптарға оқушылардың сабақ өтетін бөлмесі талапқа сай болсын деген ниетпен келіскенін жеткізді. Алайда еңбек демалысында жүрген кезінде де мектеп әкімшілігі тарапынан қосымша тапсырмалар берілген.

    Педагогтың сөзінше, одан баспалдаққа көтеріліп, төбедегі электр плафондары мен люстраларды тазалау сұралған. Ол мұндай жұмыстың қауіпсіздігіне алаңдап, тапсырманы орындаудан бас тартқан. Мұғалім өз міндеті балаларға білім беру екенін және өміріне қауіп төндіретін жұмыстарды атқаруға келіспейтінін атап өтті.

    Оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде жарияланған жазба мен фотоматериалдардан кейін Атырау облысының Білім басқармасы түсініктеме берді.

    Ведомствоның мәліметінше, педагогтарды мектептерді жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарына тарту туралы ақпарат бойынша қызметтік тексеріс басталған.

    Басқарма мұғалімдердің еңбек құқықтары Қазақстанның еңбек заңнамасы және «Педагог мәртебесі туралы» заң арқылы қорғалатынын еске салды. Егер тексеру нәтижесінде педагогтарды заң талаптарына қайшы жұмыстарға тарту фактілері расталса, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

    Тексеру қорытындысы қосымша жарияланбақ. Білім басқармасы педагогтардың құқықтарын қорғау мәселесі бақылауда екенін мәлімдеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Барселона» «Манчестер Ситиден» Родриді сатып алды

    Келесі жазба

    Омбыдағы өрт: 24 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸

    © 2025 TauNews