3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін қажет – Бейсенбаев ЛГБТ насихатына тыйым салу заңы туралы

    12 Қараша, 2025
    Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін қажет – Бейсенбаев ЛГБТ насихатына тыйым салу заңы туралы

    Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев қоғамда балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау мәселесіне қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты заң жобасына педофилияны және дәстүрге жат бағытты насихаттауға тыйым салатын түзетулер енгізілгенін жеткізді.

    «Біз балалар мен жасөспірімдердің интернетте күн сайын отбасы, адамгершілік және болашақ туралы түсініктеріне теріс әсер етуі мүмкін ақпаратқа тап болатынын көріп отырмыз. Өсіп келе жатқан ұрпақтың санасын құқыққа қарсы контенттен қорғау олардың қауіпсіздігі мен психикалық денсаулығының кепілі. Бұл тақырып Парламент Мәжілісінің депутаттары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Мәжілісмендер Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайыт, Самат Мұсабаев және Ардақ Назаров ЛГБТ насихатына тыйым салу жөніндегі депутаттық сауалдарын ашық түрде мәлімдеген», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

    Депутат атағандай, былтыр «Біз Қазақстанда ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!» атты петиция ресми қарауға қажетті 50 мыңнан астам қол жинаған болатын.

    «Петиция қорытындысы бойынша Ұлттық өркендеуге жәрдем қоры кең ауқымды зерттеу жүргізіп, дәстүрден тыс қатынастарды заңдастыру мен насихаттау өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында тұрақтылық пен айқындық сезімін бұзуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Осыған байланысты 18 депутаттан тұратын бастамашыл топ педофилияны және дәстүрден тыс бағытты насихаттайтын ақпараттың таралуын шектеуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды»,- дейді депутат.

    Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ұсынылған түзетулер тоғыз негізгі заңға қатысты: бала құқықтары туралы, жарнама туралы, байланыс туралы, мәдениет туралы, білім туралы, кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі.

    «Сондай-ақ, заң жобасында «дәстүрден тыс бағытты насихаттау» ұғымына нақты анықтама беріліп, мұндай мазмұнды бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда және телекоммуникациялық желілерде таратуға шектеу енгізіледі. Бұл нормалар үкіметтің, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен шешімі.

    Айта кетерлігі, Қазақстан бұл бағытта алғашқы ел емес. Ұқсас заңдар Венгрия, Болгария, Литва, Польша, Қырғызстан және Ресейде де қолданыста бар. Бұдан бөлек, АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың трансгендерлерге паспортта биологиялық жынысынан өзгеше жынысты көрсетуге тыйым салу жөніндегі ұстанымын қолдаған болатын. Бұл факт төзімділік қағидаттарын ұстанатын АҚШ-тың өзі табиғат заңдылығына қарсы келмейтінін көрсетеді», – дейді ол.

    Депутат атағандай, балалардың құқықтарына қатысты халықаралық стандарттар да осыған ұқсас талаптарды қамтиды.

    «БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 17-бабы мемлекеттерге балаларды олардың әл-ауқатына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан, соның ішінде интернеттегі мазмұннан қорғау шараларын қабылдауды міндеттейді.Маңыздысы – әңгіме белгілі бір адамдарға тыйым салу немесе оларды жоққа шығару туралы емес. ЛГБТ қауымдастығына жататын азаматтардың жеке құқықтары шектелмейді. Енгізіліп жатқан нормалар тек мұндай ақпараттың жария түрде таралу шеңберін реттейді, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді», – деп түйіндеді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    ЛГБТ шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылып жатыр – Жаңбыршин

    Келесі жазба

    «Марказдан» басталған майдан

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews