Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін бұдан былай Бақыт Амангелдіқызы Есімова басқарады. Тиісті тағайындау туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
Бақыт Есімова 1984 жылғы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың ауылында дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін меңгерген.
Ол «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиясын иеленген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде құқық магистрі дәрежесін алған. АҚШ-тағы Калифорния университетінде мемлекеттік саясат бойынша магистратурада білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер болып бастаған. Кейін атқарушы директор аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасын басқарды.
2011-2013 жылдары Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. Одан кейін, 2013-2015 жылдары Ақмола облысы әкімінің аппаратын басқарды.
2015-2017 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары болды.
Ал 2022 жылдан бері Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі орынбасары қызметін атқарып келген.
Енді ол аталған бөлімге басшылық жасайтын болады.
USD